Халықаралық рейтинг – 2020

«Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА/IAAR) өткізген «IAAR EURASIAN UNIVERSITY RANKING (IAAR-EUR) -2020» халықаралық рейтингіне қатысты.

Халықаралық рейтингке Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Молдова жоғары оқу орындары белсенді қатысты. Халықаралық рейтингіне қатысушы 27 ЖОО арасында «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ 12 орынды иеленді.

Осы рейтингке қатысу жоғары оқу орындарына жаңа әлемдік трендтерге сәйкес өз университеттерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға, шетелдік талапкерлердің көбірек санын тартуға, білім беруді интернационалдандыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Университет әкімшілігі «IAAR EURASIAN UNIVERSITY RANKING (IAAR-EUR)-2020» халықаралық рейтингіне қатысып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ЖОО ұжымы мен құрылымдық бөлімшелеріне алғыс білдіреді.

Рейтинг қорытындыларымен келесі сілтеме бойынша Агенттіктің сайтына өтіп танысуға болады: https://iaar.agency/rating/9/0/2020.