CENTRAL ASIA NOBEL FEST Live АТТЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН НОБЕЛЬ ФЕСТИВАЛІ

Нобель сыйлығының лауреаттары мен танымал ғалымдардың қатысуымен алғашқы онлайн ғылыми симпозиум – Central Asia Nobel Fest Live 2020жылдың 1-4 қазан аралығында өтеді.

Фестиваль аясында Орталық Азия мен Кавказдың түкпір-түкпірінен келген ғылыми қоғамдастықтар мен студенттер үшін ғалымдар тегін сөз сөйлейтін болады.

Фестивальдің бас тақырыбы: Шексіз ғылым: Әлем қайда бара жатыр? Төрт негізгі бағыт бойынша 30-дан астам пікірсайыс өтетін болады: 1) адам капиталының болашағы; 2) әлемді өзгертетін технологиялар; 3) медицина мен ғылымдағы жаңа қырлар; 4) инклюзивті экономика және тұрақты даму.

Тіркелу және фестивальдің толық бағдарламасы сілтеме бойынша: https://nobel-fest.inpolicy.net