Онлайн режиміндегі вебинар
Қашықтықтан оқыту форматында білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ Үздіксіз кәсіби даму орталығы 2020 жылдың тамыз айының 25 мен 28 аралығында оқу орнымыздың оқытушы-профессорлық құрамына арналған білім беру вебинарларын өткізді.
Онда жетекші жаттықтырушы-ұстаздар ретінде үздіксіз кәсіби даму орталығының және гистология кафедрасының жетекші қызметкерлері оқыту сабақтарын жүргізді. Вебинарлар барысында «Киберқауіпсіздік және қашықтықтан оқытудың әдіснамасы», Қашықтықтан оқыту жағдайларындағы интерактивтік әдістер», «Оқу нәтижелерін бағалау», «ҚО жағдайларында білім беру үдерісін қалай ұйымдамстыруға болады? Іс-әрекет нұсқаулары» тақырыптары қарастырылды.
ОПҚ түрлі ақпараттық платформалардағы ІТ құзіреттіліктерін жетілдіріп, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, оқу жетістіктерінің нәтижелерін басқару, қашықтықтан оқытудағы білім беру үдерісінің тиімді ұйымдастырылуы, Moodle платформасында курстың мазмұны мен құрылымы бойынша қосымша баптаулар, оқыту кезінде білім алушылардың ұмтылыстарын жоғарылату мәселелерімен танысты, сондай-ақ, өзін-өзі бақылаудың чек-парақтарымен жұмыс жасап, Академиялық адалдық қағидаларын сақтау туралы да талқылаулар жүргізді.