Профессор Жолдин Бекболат Құлжанұлының туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Сіздерді 2020 жылғы 24-25 қыркүйекте жергілікті (Ақтөбе) уақыт бойынша сағат 9.00-ден 19.10-ға дейін онлайн-режимде «Жүрек-қан тамырлары патологиясы бар науқастардағы коморбидтік жағдайлар: диагностикалау мен емдеудің қиындықтары» тақырыбында профессор Жолдин Бекболат Құлжанұлының туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция ҚР ДСМ 2020 жылға арналған ғылыми-практикалық конференциялар жоспарына кіреді. Конференцияның ресми ұйымдастырушылары: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ және Қазақстан Республикасының кардиологтар қауымдастығы
Мақсаты: ішкі медицина саласындағы кардиологтар мен басқа да мамандарды шоғырландыру, коморбидті жай-күйі бар кардиологиялық пациенттерде емдеу-диагностикалық және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруларынан халықтың сырқаттанушылығы мен өлім-жітімін төмендету мақсатында кардиологиялық бейіндегі науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мүддесінде жаңа кәсіби ақпаратпен алмасу.
Ғылыми бағыттары:
- Коморбидті жағдайлары бар пациенттерге көмекті жетілдіру
- Интервенциялық кардиология
- Созылмалы инфекциялық емес аурулары бар науқастарды диагностикалау мен емдеудегі жаңа медициналық технологиялар
- Кардиологиялық пациенттерде семіздік, қант диабеті және басқа да эндокриндік аурулар
- Кардиологиялық науқастардағы ас қорыту органдарының аурулары
- Кардиологиялық науқастардағы бүйрек аурулары
- Кардионеврология мәселелері
- Кардиоонкология мәселелері
- Коморбидті пациенттерді жүргізудегі клиникалық фармакологтың рөлі
Қатысу-ТЕГІН!
Тіркелу үшін сілтемені басыңыз – сілтеме
Конференция бағдарламасын осы жерден жүктеп алуға болады – сілтеме
КОНФЕРЕНЦИЯҒА СІЛТЕМЕ 2020 жылғы 24 қыркүйекте “Марат Оспанов атындағы БҚМУ ресми сайтында
Zoom платформасы бойынша конференцияға қосылыңыз
25 қыркүйек 09:00 Ақтөбе уақытымен мастер-класс
Тақырыбы: Эндокринология
Конференцияның идентификаторы: 478 934 1170
Кодs: 7E9Dxp
25 қыркүйек 09:00 Ақтөбе уақытымен мастер-класс
Тақырыбы: Неврология
Конференцияның идентификаторы: 970 660 6695
Коды : 2faiBT
25 қыркүйек 11:00 Ақтөбе уақытымен мастер-класс
Тақырыбы: Кардиология
Конференцияның идентификаторы: 665 149 7599
Коды: 45LuAg