Пандемиямен күреске үлес қосқаны үшін шәкіртақысы

Батыс Қазақстан медициналық университетінде оқудың екінші жылының резиденттері Бисенов Азамат Қайратбекұлы мен Сәрсенов Ақтілек Аймаханұлы “United for Health” шәкіртақылық бағдарламасының жеңімпаздары атанды.

Шәкіртақылық бағдарлама денсаулық сақтау саласындағы білім беру, ғылыми, кәсіптік, қоғамдық және еріктілер қызметін ынталандыруға бағытталған, атап айтқанда, COVID-19 пандемиясымен күресу және оның Қазақстан Республикасында одан әрі алдын-алу.

Бағдарламаның мақсаты – жас мамандар мен медициналық мамандықтардың студенттерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еріктілерін қолдау арқылы жоғарыда аталған іс-шаралардың дамуына ықпал ету.