Практикалық денсаулық сақтауға көмек

Марат Оспанов атындағы БҚМУ «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының қызметкерлері 2020 жылдың 17 қараша күні, практикалық денсаулық сақтауға көмек ретінде Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік Батыс ауданы, Халида Маманова 11 көшесіндегі №4 емхана филиалында короновирус инфекциясы бойынша науқастарға кеңестер берді.

Осы шара барысында дәрігерлерге, мейіргерлерге, науқастарға семинарлар өткізілді. Емханада тұрғындар үшін «Денсаулық бұрышы» ұйымдастырылды, артериялық қан қысымы өлшенді, короновирус инфекциясы бойынша ескертпелер, буклеттер таратылды, денсаулықты жақсартуға бағытталған кеңестер берілді.

Кардиолог, терапевт, эндокринолог дәрігерлері келушілерге кеңес берді.
