Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы ақпараттық хат

«АЛЛЕРГОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

(Ақтөбе қ, 25 қараша 2020 жыл)

Қазақстан Республикасының аллергологтары мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы, ШЖҚ МКК «Ақтөбе медициналық орталығы» 2020 жылдың 25 қарашасында Ақтөбе қаласында «Аллергология және иммунологияның өзекті мәселелері» туралы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілетінін хабарлайды.

Конференцияға қатысуға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, медициналық университеттердің оқытушылары, магистранттары және докторанттары, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, резиденттері, интерндері, сонымен қатар практикалық денсаулық сақтаудың басшылары мен дәрігерлері: аллерголог-иммунологтар, пульмонологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевттер, педиатрлар, отоларингологтар, микробиологтар, инфекционисттер және басқа мамандықтардың дәрігерлері шақырылады.

Конференцияның мақсаты – аллергология және иммунология саласындағы іргелі және клиникалық зерттеулердің соңғы нәтижелерімен танысу, аллергология мен иммунологияның заманауи жетістіктерін практикалық денсаулық сақтау проблемаларымен интеграциялау үдерісіне қатысты мәселелерді талқылау.

Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты, секцияларда жұмыс жасауды және мастер класс өткізуді қарастырады.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

  1. Клиникалық аллергология мен иммунологияның заманауи жетістіктері;
  2. Иммунопатологиялық жағдайларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері;
  3. Жиі кездесетін аллергиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері;
  4. Аллергиялық аурулардың менеджментіндегі соңғы жетістіктер;
  5. Қазақстанда және әлемде пандемия кезінде коронавируспен күресу тәжірибесі.

Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Өткізу формасы- онлайн

Конференцияға қатысу үшін университет сайтында орналасқан конференция Программасындағы сілтеме арқылы тіркелуіңіз қажет. Барлық тіркелушілер үшін сертификат беріледі.

Конференция бағдарламасы университет сайтында орналастырылады.

Конференцияға қатысу формалары мен шарттары:

Конференцияға қатысуға келесі формада рұқсат етіледі:

  • ауызша баяндама жасау;
  • баяндама талқылауға, пікірталасқа қатысу;
  • мастер-классқа қатысу;
  • «West Kazakhstan Medical Journal» журналына ғылыми мақалалар жариялау, «Конференциялар сериясы» қосымша.

КОНФЕРЕНЦИЯ ПРОГРАММАСЫ

https://tester.zkgmu.kz/web/index.php