Үздік жұмыс

29-30 қазанда Мәскеуде жыл сайынғы “Росмобр-инновациялық оқыту технологиялары” XI Халықаралық форумы өтті, онда медициналық білім берудің өзекті мәселелері талқыланды.

Ағымдағы жылы конференция онлайн режимде өткізілді, соның арқасында барлық тілек білдірушілер әлемнің жетекші университеттері мен оқу орталықтары мамандарының баяндамаларын тыңдай алды.

Сондай-ақ, үздіксіз медициналық білім беру, медицина кадрларын аккредиттеу, пандемия жағдайындағы медицина қызметкерлерінің жұмысы, қашықтықтан оқыту мәселелері қаралды. Конференция аясында Amee-Russia орталығының атқарушы директоры Авакян Эсма және AMEE Russia жобаларды басқару жөніндегі маман Белогубова София өткізген “Дипломға дейінгі медициналық білім беру кезеңінде коммуникативтік дағдыларға үздіксіз оқыту: Постфактум көзқарасы” атты шеберлік сабағын өткізді. Мастер-класс аяқталғаннан кейін оқытушылар үшін конкурс жарияланды, онда педагогикалық қызметте коммуникативтік дағдыларды оқыту тәсілдерін сипаттау және оларды оқу процесіне енгізу ұсынылды. Клиникалық зертханалық және көрнекі диагностика кафедрасының доценті Миралеева Алуаның көптеген қолданылатын әдістемелерден тұратын жұмысы үздік деп танылды, әсіресе ұйымдастырушылар коммуникациямен тығыз байланысты және қазіргі қоғамда қажет болатын “Презентация өнері” әдістемесін, дағдыларды үйретуді атап өтті.

Жүлде ретінде жеңімпаз “Медициналық оқытушының негізгі дағдылары”кітабын алады.