Онлайн режимінде өткен сабақ
Медициналық биофизика пәнінің оқытушысы, магистр Темирбаева Асем Алгантурлиевна “Стоматология” мамандығының 107 тобына zoom платформасында ашық тәжірибелік сабақ өткізді.
Сабақ тақырыбы -“Биологиялық жүйелерді поляризациялау”. Студенттер презентациялар дайындап, сабақ барысында 3 шағын топ болып жұмыс жасады. Тақырыпты бекітуге арналған бақылау сұрақтары EasyTestMaker бағдарламасында әзірленді.
Тәжірибелік тапсырманы түсіндіру үшін YouTube каналына бейнесабақ жүктеліп, студенттерге сілтемесі жіберілді. Тәжірибелік жұмыс MS Excel бағдарламасында орындалды. Аталған бағдарламаның артықшылықтарына келер болсақ, аса күрделі емес есептерді математикалық формулалар көмегімен аз уақыт ішінде шешіп, графигін тұрғызуға болады. Тәжірибелік жұмыс соңында қорытынды жасалды.
Сабақ барысында оқытушы студенттердің үлгерімін онлайн режимінде бақылап, кеңес беріп отырды. Әр тапсырма үшін студент бағаланып, экранға жұмысын көрсетіп отырды. Ашық сабаққа ҮКББ орталығының маманы Танбетова З.К., ХМФ деканы, PhD Изденов А.К., кафедра доцентінің м.а. Турганбаева А.У. және кафедра оқытушылары қатысты.