Академиялық ұтқырлық «Ташкент-Ақтөбе»
Ташкент медициналық академиясының шақыруымен екіжақты академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жасалған меморандум аясында Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің химиялық пәндер кафедрасы және ТМА медициналық және биологиялық химия кафедрасы 2020 жылдың 26 қазанынан 13 желтоқсанына дейін бірлесіп практикалық сабақтар мен қашықтық форматтағы дәрістер өткізді.
ТашМА доценті Таджиева Х.С. Марат Оспанов атындағы БҚМУ «Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенттеріне арналған дәрістер оқыды. Марат Оспанов атындағы БҚМУ доценті Гумарова Ж.Ж. Ташкент медициналық академиясының емдеу ісі және медициналық-профилактикалық факультетінің 1 курс студенттеріне арналған бірқатар дәрістер оқыды. Кафедра жетекшісі Гумарова Ж.Ж. және профессор Ділмағамбетов С.Н. Ташкент медициналық академиясының әріптестері ашық дәріске сыртқы рецензенттер ретінде де шақыртылды.
Цикл аяқталғаннан кейін екі кафедраның профессор-оқытушылар құрамы екіжақты ынтымақтастық жұмыстар үшін ризашылықтарын білдірді және медициналық білім беру саласындағы қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірді.