Профессор В.С.Покровскийдің дәрісі
Марат Оспанов атындағы БҚМУ «Visiting Professor» бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 10-11 желтоқсанында Т.Т. Березов атындағы Ресей халықтар достығы университеті (РУДН Ресей) биохимия кафедрасының меңгерушісі, Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Н.Н.Блохин атындағы онкологиялық ҰМЗО зертханасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Покровский Вадим Сергеевич аминқышқылдар метаболизмінің туа біткен бұзылыстары және ісікке қарсы ферменттер туралы дәрістер оқыды.
Дәріске «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері және химиялық пәндер, молекулалық биология және медициналық генетика курсы, жалпы гигиена кафедраларының оқытушылары қатысты.
Бағдарлама аясында профессор мен кафедра оқытушылары медициналық білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.