Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара
Марат Оспанов атындағы ЗҚМУ-де 2020 жылдың 15 желтоқсанында факультет деңгейінде қашықтықтан форматта Zoom платформасы арқылы Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді.
Бұл іс-шараны фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі Жалимова З.О. ұйымдастырды және өткізді.
Қазақстанның Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мейрамы. Ел тұрғындары бұл датаны жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтеді. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жариялағаннан бері 29 жыл толады: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады.
Бұл іс-шараның мақсаты – өз Отанына деген патриоттық сезімді, азаматтық борыш сезімін, болашақ алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру. Тарих алдында бәріне жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Студенттердің танымдық қызығушылығын дамыту және өз Отанына, өз халқына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу негізгі міндеттер болды.
Іс-шараға фармацевтика факультетінің 30-дан астам 2 курс студенттері қатысты.
Бұл сабақ студенттер бойында қазақстандық патриотизмді, азаматтық пен төзімділікті, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.