Анатомиялық музейге виртуалды экскурсия

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің анатомиялық мұражайына виртуалды экскурсия өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан университетінің “қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия” кафедрасының оқытушылары.

Іс-шараның мақсаты: пәнге деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты дағдыландыру, ЖОО мен колледж студенттері арасындағы кәсіби қарым-қатынасты нығайту, “Анатомия” пәні бойынша білімді тереңдету және ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылықты ояту.

Виртуалды экскурсиядан кейін студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.