Магистранттардың ғылыми тағылымдамасы
Ғылыми тағылымдамадан өту үшін Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясына 11 бастап 23 қаңтарға дейін М144 “Медицина”, М140 “Қоғамдық денсаулық сақтау” және М141 “Мейіргер ісі” мамандықтарының 2-ші оқу жылының магистранттары медициналық ғылымның жаңа теориялық,
әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерімен (зерттеу әдіснамасының тереңдетілген мәселелері, дизайнның, мақсаттар мен міндеттердің сәйкестігі, зерттеу гипотезалары, өңдеудің және ұсынудың озық статистикалық әдістері, диссертациялық жұмыста деректерді түсіндіру, академиялық жазу дағдыларын жетілдіру) танысу үшін жіберілді.