Профессор-оқытушылар құрамының жеке кәсіби даму жоспарын құру бойынша онлайн-воркшоп
2021 жылдың 20 қаңтары мен 22 қаңтары аралығында Адами ресурстарды басқару департаментінің персоналды дамыту бөлімі Zoom платформасында «Профессор-оқытушылар құрамының жеке кәсіби даму жоспарын (ЖКДЖ) құру» онлайн-воркшоп ұйымдастырып өткізді.
ЖКДЖ – бұл ПОҚ өзіне қажетті кәсіби дағдылары мен сапасын жоспарлы және мақсатты дамытуға, өзінің кәсіби дамуын болжауға көмектесетін жұмыс құралы.
Воркшоп барысында персоналды дамыту бөлімінің жетекшісі Сисенова Айнур Тагабергеновна HR-менеджері –Жанна Жанбулатовна Гумаровамен бірлесе отырып қатысушыларға құзыреттілікті дамытудың бастапқы және жоспарланған деңгейлерін, кәсіби қажеттіліктерін айқындауға, сондай-ақ жоспарлау дағдыларын меңгеруге, болашақтағы кәсіби жетістіктерді көрсетуге көмектесті.
Воркшоп соңында қатысушылар өздерінің жеке даму траекториясын құрып, олардың әлді жақтары мен өсу аймақтарын бағалап, сондай-ақ іс-әрекеттер мен дағдылардың тиімді жиынтығын анықтай алды. Іс-шараға барлығы БҚМУ 93 ПОҚ қатысты.