«Үздік жас маман-2020»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Үздік жас маман-2020» республикалық байқауы өткізілді.
Байқау қазіргі жағдайға байланысты онлайн форматта өтті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық үміткер қатысты. Байқаудың 2-турына тек 190 ғана үміткер өтті.
Байқау шарттары:
1 тур. Өзің туралы қысқаша автобиография және оқу орның немесе жұмыс орның туралы тезис жазу.
2 тур: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында мақала жазу.
Біздің әріптесіміз №2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ассистенті, медицина ғылымының магистрі Ахметжанова Мөлдір Бекмағанбетқызы байқау жеңімпазы атанды. Байқауға қатысуға мүмкіндік ұсынған басшылыққа яғни Басқарма Төрағасы-Ректор Телеуов Мурат Койшибаевичке Алғыс хат берілді. Мөлдір Бекмағанбетқызы 1 дәрежелі дипломмен, «Үздік жас маман-2020» атты төсбелгі және куәлікпен марапатталды. Сонымен қатар «Үздік жас маман-2020» атты кітап жинағына енді.

Өз мақаласында «Осы бағытта білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылатын жастарды тәрбиелеу – біздің асыл борышымыз..!»,-деп көрсеткен әріптесімізге алар асуларыңыз биік болсын деген тілек білдіреміз!