Тәжірибелік дағдыларды игерді

Практикалық дағдылар кез келген денсаулық сақтау маманы жұмысының маңызды аспектісі болып табылады. Әр адам өзінің санатына, мәртебесіне және тәжірибесіне қарамастан бірқатар дағдыларды жасауға қабілетті болуы керек.ПДО базасында 15 қантардан бастап 5 ақпанға дейін №2 жалпы медицина кафедрасы практикалық дағдыларды дамыта отырып, профессор-оқытушылар құрамының білімдерін үнемі жетілдіру, сонымен қатар халықты құтқару әдістемелерін жетілдіру мақсатында «Ауруханаға дейінгі кезеңдегі шұғыл және жедел медициналық көмек» тақырыбында 15 шеберлік-класстар мен семинарлар өткізді.

Кафедраның ассистенттері: К.Ж. Султанов, И.В. Исмаилова, Н.З. Ибрагимова, Д.Т Бегалина, М.К. Назарбаева, Е.Б.Нурбаулина, З.Б Молдашева қызметкерлерге қолданыстағы хаттама мен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес манекендерге жедел медициналық көмек көрсету әдістерді белгіленген тақырыпта көрсетті.

Шеберлік кластың қатысушылары оқу бағдарламасын, құрылымдықты және оқу материал ұсынуын жоғары бағалады. Сонымен қатар, әрбір қатысушы манекенде әдіс жасауды пысықтап, оқытушыдан кеңес алды.