Технологиялар мен инновациялар

Технологиялар мен инновациялар “халықаралық ғылыми-практикалық форумы ZOOM онлайн алаңында Каспий маңы өңірінің бес елі өкілдерінің қатысуымен өтті.

Іс-шараны Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Астрахань мемлекеттік медицина университеті ғылым мен өндірістің түрлі салаларына жаңа технологияларды енгізудің перспективалары мен проблемаларын талқылау, тәжірибе алмасу, зерттеушілерді ғылыми-инновациялық қызметке тарту бойынша бірлескен жұмысты жоспарлау, бастамаларды қолдау және инновациялық технологияларды ынталандыру мақсатында ұйымдастырды.

Форумға Каспий маңы аймағының серіктес мемлекеттері: Әзербайжан, Түрікменстан, Қазақстан қатысты.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің ректоры Мұрат Телеуов құттықтау сөзінде Каспий маңы мемлекеттері қауымдастығының қазіргі заманғы инновациялық технологиялар саласындағы өзекті мәселелері мен түрлі өңірлерден келген мамандардың өзара іс-қимылы бойынша қызметі аясындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Ректор форум іскерлік және ғылыми-практикалық бағдарламалар мен келіссөздер іс-шараларын өткізу үшін басты алаңға айналғанын атап өтті.

Баяндамашылар түрлі бағыттарды қозғады: медициналық білім беру тәжірибесіндегі инновациялық технологиялар, балалардағы миопия асқынуларының алдын алудағы инновациялық әдістердің рөлі, шала туған балаларға жоғары технологиялық офтальмологиялық көмекті ұйымдастыру және тағы басқалар.

Марат Оспанов атындағы БҚМУ докторанты Мылтықбай Рысмаханов “бүйректі ауыстырған кезде трансплантаттың ретроградтық реперофузиясын қолдану мүмкіндігі” баяндамасымен сөз сөйледі, Бұл трансплантация созылмалы бүйрек жетіспеушілігін емдеудің бірден-бір радикалды әдісі, алдын-ала зерттеулердің нәтижелері және трансплантаттың ретроградтық репрофузиясының ұсынылған әдісі трансплантацияланған органның ұзақ мерзімді өмір сүруін жақсартуға мүмкіндік беретіндігі туралы айтты.

– Аталған форумды өткізу – бұл кәсіби тақырыптарға сөз қозғау ғана емес, сонымен қатар халықаралық орталықтардың озық тәжірибелерімен және инновациялық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерімен танысу мүмкіндігі, – деп ойымен бөлісті Мылтықбай Рысмаханов.