ТМА ғылыми-практикалық онлайн конференциясына қатысуы

2021 жылдың 17 наурыз күні химиялық пәндер кафедрасы Ташкент Медициналық Академиясының шақыртуымен ТМА-ның медициналық және биологиялық кафедрасының іргетасының қалануының 100 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи биохимияның өзекті мәселелерін шешудің инновациялық тәсілдері» атты ғылыми-практикалық онлайн конференцияға қатысты.

Химиялық пәндер кафедрасының жетекшісі Ж.Ж.Гумарова, профессор С.Н.Дильмагамбетов, доцент А.Г.Беккужин, аға оқытушы А.Б.Таумова құттықтау лебіздерін білдірді және баяндама оқыды. Конференция қатысушылары заманауи биохимия және медициналық оқу орындарында биохимияны онлайн оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін шешудің инновациялық тәсілдерін қозғайтын баяндамалар мен хабарламалардың ғылыми-практикалық маңыздылығын атап өтті.