Дүниежүзілік «денсаулық күні»

«Эпидемиология» кафедрасының бірінші курс магистранттары “Дүниежүзілік денсаулық күніне” арналған іс-шара өткізді.Білім алушыларда “Дүниежүзілік денсаулық күні” туралы білім қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның алдын алу-іс-шараның мақсаты.

Оған м.ғ.к., доцент, “Эпидемиология” кафедрасының жетекшісі – Салтанат Уразаева; м.ғ.к., доцент – Қымбат Түсіпқалиева және кафедра оқытушысы Шара Нұрмұхамедова және студенттер қатысты.Дәріс барысында келесі сұрақтар қарастырылды: Дүниежүзілік денсаулық күні қашан, қалай және неге атап өтіледі; биылғы жылы қандай жаһандық проблемаға арналады; сондай-ақ коронавирустық инфекцияның алдын алу және сақтық шаралары.

Өз кезегінде студенттер “COVID-19” туралы бейнені көрді, сондай-ақ “Қауымдастық” ойынын өткізді, оның барысында олар денсаулық туралы білімдерін кеңейтті және “Дүниежүзілік денсаулық күніне” арналған презентациямен танысты.Іс-шараның қорытындысы викторина болды, онда студенттер сыйлықтармен марапатталды.