Қашықтықтан академиялық ұтқырлық
Марат Оспанов атындағы БҚМУ химиялық пәндер кафедрасы мен Астана Медицина Университетінің жалпы және биологиялық химия кафедрасының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру аясында 15 наурыз бен 16 сәуір аралығында елордалық университеттің шақыруымен виртуалды академиялық ұтқырлық сәтті аяқталды.Айта кету керек, Марат Оспанов атындағы БҚМУ аға оқытушылары Абилова Ж.М., Галымжанова г. Т. және АМУ аға оқытушылары Идрисова А. А., Кужатова П. оқу топтарымен алмасып, “Жалпы медицина” факульетінің 2 курс студенттері үшін қашықтықтан оқыту форматында “Биологиялық химия” пәні бойынша практикалық және зертханалық сабақтар өткізді.
ЖОО күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сәйкес әр оқытушы 36 сағат көлемінде аудиториялық сабақтар өткізді.
Кафедралардың бірлескен бенчмаркингі (оқу-әдістемелік құжаттамалармен, дидактикалық материалдармен, үздік бейне-материалдармен алмасу) кафедраларды өзара байытып, одан әрі жетілдіру мен ынтымақтастыққа серпін бергені сөзсіз.