Химиялық пәндер кафедрасы оқытушыларының қырғыз әріптестерімен екіжақты білім беру қызметі
2021 жылдың сәуір айында Марат Оспанов атындағы БҚМУ химиялық пәндер кафедрасы мен И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының (Бишкек қ.). А.Д.Джумалиев атындағы жалпы және биоорганикалық химия курсымен биохимия кафедрасы арасында академиялық ұтқырлық айлығы жүзеге асырылды.
05.04.2021 мен 30.04.2021 мерзімі аралығында кафедра жетекшісі Гумарова Ж.Ж., профессор Дильмагамбетов С.Н., доцент Беккужин А.Г., аға оқытушы Ерназарова Ж.А. И.К.Ахунбаев атындағы ҚММА емдеу, педиатрия, стоматология факультеттерінің 1 және 2 курс студенттеріне биоорганикалық және биологиялық химия пәндері бойынша орыс және ағылшын тілдерінде дәріс оқыды.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ «Общая медицина» және «General medicine» мамандықтарының 2 курс студенттері биохимия пәні бойынша қырғыз әріптестеріміз х.ғ.к., доцент Дуйшеева Б.М. және х.ғ.к., оқытушы Аскалиева Н.Р. дәрістерін орыс және ағылшын тілдерінде тыңдады.
Профессорлық-оқытушылық құрамның өзара академиялық ұтқырлығы екі кафедраның да халықаралық және білім беру қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады және оқу жұмысының сапасын арттыру, шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесін зерттеу және меңгеру арқылы кәсіби компетенцияны жетілдіру, кафедралар мен ЖОО арасында сыртқы интеграциялық байланыстарды нығайту мақсатында жүргізіледі.