Ғылым апталығы

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Ғылым: кеше, бүгін, ертең” атты жас ғалымдардың LX ғылыми конференциясы Марат Оспанов атындағы БҚМУ онлайн алаңында өтті.Ағымдағы жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шара қашықтықтан өтті.Марат Оспанов атындағы БҚМУ ректоры – Басқарма төрағасы Мұрат Телеуовтың атынан студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысушыларды стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Самат Сапарбаев құттықтады.

“Конференция жұмысы аясында сіздерге медицина, білім және ғылымның маңызды және өзекті мәселелерін талқылауға тура келеді. Жоғары білім беруді интеграциялауға және инновациялық қызметті жандандыруға ерекше назар аударылатын болады. Бұл конференция көрсетіп отырған ең басты мәселе-студенттердің ғылыммен айналысуға деген ынтасы. Олардың академиялық мансабын жалғастыруы немесе практикалық денсаулық сақтау саласында жұмыс істеуі маңызды емес, ғылыми ізденісі медицинаны дамыту үшін ат салысуы маңызды. Конференция қорытындысы студенттік ғылымның дамуына және халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюіне ықпал ететініне сенімдімін”, – деп атап өтті проректор.

Халықаралық конференцияға 80 жас ғалымдар қатысты,оның ішінде Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Украина студенттері, интерндері, магистранттары. Қатысушылар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде ғылыми жұмыстар қорғады. Конференция 9 секциядан тұрды.

“Жас ғалымдар іргелі және клиникалық ғылымда”,”Эксперименттік медицина”,”Морфология”,”Физиология” және т. б. Әр секцияда covid-19 эпидемиясы, адам психологиясы, әртүрлі эксперименттік зерттеулер, студенттердің гигиенасы мен тамақтануы, онлайн оқыту және т. б. тақырыптар қозғалды.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды. Олардың ішінде біздің ЖОО-ның жүлдегерлері: Исалдинова А. “Ақтөбе қаласының ересек тұрғындарының алғашқы сырқаттанушылығын бағалау”, Есқара Ф. “Дәнекер тінін Ван-Гизон әдісімен күресу ерекшелігі”, Тажигалиева Ж.Н. “Тістер экструзиясы – имплантацияға жақсы альтернатива”.