Ұлы Отан соғысы біздің еліміздің және менің отбасымның тарихында!

Марат Оспанов атындағы БҚМУ қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы (ПОҚ) өздерінің педагогикалық қызметімен білім алушыларды қазақстандық патриотизм негіздеріне тәрбиелеуде, ұлттық тарихқа деген мақтаныш сезімін қалыптастыруда, ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтауға және құрметтеуге, сондай-ақ студент жастардың Отан тарихына деген қызығушылығын арттыруға, Жеңіс туралы мәңгі есте сақтауға ықпал етеді.Сонымен, кафедра оқытушыларының жетекшілігімен (Ж.Т. Төлепбергени, М.М. Книсарина, Б.И. Шәмші, Г.М. Ертукешова) студенттер Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің әлеуметтік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен еліміздің жоғары оқу орындары арасында “Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында” тақырыбына арналған студенттік жұмыстардың республикалық конкурсына қатысуға дайындалды. Екі университеттің кафедралары арасындағы ғылыми және шығармашылық ынтымақтастықты жалғастыру жоспарлануда, өйткені бұл мамандардың кәсіби әлеуетін және бірлескен ғылыми, білім беру және шығармашылық жобаларды дамытуға ықпал етеді.

2021 жылы 6 мамырда Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында осы республикалық байқаудың қорытындылары шығарылды:II дәрежелі дипломмен «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенті – байқауға «Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында» тақырыбында өзінің шығармашылық жұмысын ұсынған Ярова Аружан Асланқызы марапатталды.III дәрежелі дипломдармен “Жалпы медицина” мамандығының 1 курс студенттері – конкурсқа “Соғыс кезі бүлікшіл болды…” атты өзінің лирикалық туындысын ұсынған Сарсимбаева Динара Серыкалиевна және “Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында” тақырыбында өз тарихымен таныстырған Бекесова Наргиза Галимовна марапатталды.Белсенді қатысқаны үшін дипломмен «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенті – өзінің жеке шығармасынан Ұлы Отан соғысының ардагері – Қайсаров Темірболат Сұналыұлына «Майдан» поэтикалық шығармасын арнаған Жұмабаева Диана Батырбекқызы және Ұлы Отан соғысының ардагері – Наурызбаев Құлмаштың ауыр оқиғасын сипаттаған «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенті Оңбергенова Жаннұр Нұрбекқызы марапатталды.