Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған спартакиада

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Медицина қызметкері күнін мерекелеу аясында 21-27 мамыр аралығында Марат Оспанов атындағы БҚМУ ЖОО қызметкерлері арасында спартакиада өтті.

Адами ресурстарды басқару департаментінің персоналды дамыту бөлімінің HR менеджерлері Гаухар Ауесова, Дамир Дарбаев волейбол және үстел теннисі жарыстарына қатысып, 1 және 2 орындарға ие болды.