Өмір сыйлағаныңыз үшін рахмет!
Жүктіліктің 33 аптасында пневмониямен АМО ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Үйінде бірнеше күн бойы қатты тыныс алу, жөтел және жоғары температура секілді сезімдер мазалаған.
Жедел, жоғары білікті медициналық көмек көрсеткен АМО ұжымына алғысымды білдіргім келеді, соның арқасында менің болашақ балам және мен бүгінгі күні аман қалдық!
Стационарға үнемі барып тұратын облыстың бас гинекологы Әлия Гимрановнаға үлкен рахмет, әрқайсымыз үшін уақыт тауып, қолдау көрсетті, АМО бас дәрігерінің босандыру жөніндегі орынбасары А.Н.Акатаева, сондай-ақ оның бөлімшесінің барлық қызметкерлері және жоғары санатты акушер-гинеколог, Марат Оспанов атындағы БҚМУ акушерия және генокология кафедрасының ассистенті Г. Мұқанбетқалиқызына, медбикелерге үлкен алғысымды білдіремін!
Әрбір науқасқа қараудағы кәсіби шеберлігі, жауаптылығы, жауапкершілігі үшін, бізге көрсеткен көмегі мен адами көзқарасы үшін рахмет, құрметті дәрігерлер! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын жұмыстарыңызға сәттілік және шексіз бақыт тілейміз!
Сұлушаш Тәжіғұлова