Ғылыми-техникалық жоба аясында өткізілген дәріс
04.10.2021ж Батыс Қазақстан медицина Университетінің қалыпты физиология кафедрасының доценті PhD Аманжолқызы Айнур, сонымен қатар 2 докторант және магистр жетекшісі; жастар орталығының балалар және жасөспірім гинекологы Тубулбаева Салтанат Ахмеджановна және докторанттар Донаева А.Е., Кульжанова Д.С., магистрант Аккожина А.М. қатысуымен бірге Ақтөбе технологиялық колледжінде 1 курс студенттерімен санитарлы-ағарту жұмыстары өткізілді. КДО ОПО жанындағы Жастар орталығының жоспарлы жұмыс бағытымен балалар және жасөспірім гинекологы Тубулбаева С.А. толық ақпаратпен таныстырып өтті.
2 курс докторант Донаева А.Е етеккір циклы, етеккірдің ауырсынуы, етекккірдің бұзылысы, контрацепция бойынша ақпаратты презентация түрінде жеткізді. Сонымен қатар, PhD Аманжолқызы А «Қыз балалардың біріншілік дисменорея кезіндегі сүйек тінінің метаболизмі мен минералды тығыздығының жағдайын бағалау» атты ғылыми-техникалық жобаның іске асырылып жатқаны туралы толық ақпаратпен бөлісіп, жасөспірім қыз балалардың ауызша және жазбаша сұрақтарына жауап берді.