Қалқанша без ауруларын минималды инвазивті емдеудің инновациялық әдістері

М.Оспанов атындағы медициналық орталықта БҚМУ Әкімшілігінің және «КОИОР» РҚБ қолдауымен «Қалқанша бездің ісіктерін емдеудегі радиожиілікті аблация (РЖА)» тақырыбы бойынша шебер-класс өтті.

Іс-шараға Ақтөбе облысының эндокринологтары, терапевтері мен хирургтары шақырылды.

Шебер-класс спикерлері: м.ғ. к., қауымд.проф. жоғары санатты эндокринолог Хатима Кудабаева, MD.MMSc. МВА интервенциялық радиологы Нияз Малаев, сондай-ақ Гази медициналық университетінің (Түркия) Түркиядан арнайы шақырылған профессоры Джем Юджел.

Хатима Кудабаева РЖА өткізуге қатысты заманауи халықаралық ұсыныстар туралы айтып берді. Ол өз баяндамасында Еуропалық, Азиялық қоғамның негізгі ұсыныстарына сәйкес процедураға пациенттерді іріктеу әдісі туралы бөлісті.

Бұдан әрі онкорадиолог Нияз Малаев «Онкологиядағы жергілікті деструктивті әдістер Радиожиілікті аблация» тақырыбында баяндама жасады. Ол РЖА қолдану нұсқалары, даму кезеңдері және өткізу ерекшеліктері туралы айтты. Сондай-ақ, шағын инвазивтілік,орындаудың қарапайымдылығы, бірнеше рет қолдану,процедураның қысқа мерзімділігі,асқынулардың аз саны, өлімнің төмендігі және өмір сүру сапасының жақсаруы секілді РЖА-ның негізгі артықшылықтарын атап өтті.

2019 жылы БҚМУ базасында Нұр-сұлтаннан келген жетекші онкорадиолог Нияз Малаевтың қатысуымен бауыр мен өкпе обырының химиоэмболизациясы және радиожиілікті аблациясы бойынша шебер класстардың өткізілгенін атап өткен жөн.

Өз кезегінде, Гази медициналық университетінен шақырылған профессор Джем Юджел қалқанша безінің радиожиілікті аблациясы әдістемесін жүргізудің негізгі ерекшеліктері туралы айтып, Түркиядағы университет клиникасында процедураны өткізу тәжірибесімен бөлісті. Процедуралық көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштердің ерекшеліктерін қол жетімді және нақты көрсетті, сонымен қатар радиожиілікті аблациямен салыстырғанда микротолқынды аблация сияқты әртүрлі емдеу әдістерін қолдану нәтижелерін салыстырды.

Шебер-класстың практикалық бөлімі барысында қалқанша безінің көп торапты зақымдануы бар пациентке РЖА көрсету рәсімі өткізілді.

Профессор бұл әдістеменің қалқанша без ауруларын емдеуде жоғары маңыздылығын, сондай-ақ осы әдістемені игеруде эндокринологтар мен хирургтардың жоғары қызығушылығын атап өтті.

Шебер-класс қорытындысы бойынша профессор эндокринологтарды қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап беріп, толық түсініктеме берді.