«Микробиология студенттердің көзімен» байқауы

«Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасында барлық мамандықтардың 2 курс студенттері арасында «Микробиология студенттердің көзімен» шығармашылық байқауы өтті.
Байқаудың негізгі бағыты – студенттердің шығармашылық белсенділігі арқылы микробиология пәнін білу. Байқауға 30 -дан астам түрлі макеттер ұсынылды.
Жеңімпаздарды студенттердің өздері дауыс беру арқылы анықтады.
Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.