Құрметті әріптестер!

Сізді 2021 жылы 20 қазанда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде өтетін Дүниежүзілік остеопороз күніне арналған Қазақстанның, жақын және алыс шетел медициналық оқу орындары арасында «Қазіргі заманғы медицина: жаңа көзқарас және өзекті зерттеулер» атты ғылыми-практикалық халықаралық конференциясына шақырамыз. Конференцияның спикерлері – Ресей, Литва, Әзербайжан, Қырғызстан өкілдері және біздің отандастарымыз. Конференция бағдарламасын zkmu.edu.kz веб-сайтынан жүктеуге болады.

Қатысушыларды тіркеу – 10.45 -11.00

Пленарлық отырыс – 11.00-11.50

Секциялық отырыс – 11.50 – 16.00

Мастер-класстар 09.00-18.00

Өтетін орны: Марат Оспанов атындағы ЗКМУ әкімшілігінің залы, Ақтөбе қаласы

Сілтеме https://wkmu.webex.com/meet/webex2