Шамдар фестивалі
М. Оспанов атындағы БҚМУ-нің Үндістаннан келген 300-ден астам студенті Үндістанда атап өтілетін жақсылықтың зұлымдықты және қараңғылықты жеңуді білдіретін «Дивали» мерекесін атап өтті. Мереке рәсімі Zhastar Arena спорт кешенінде өтті. Кештің құрметті қонақтары ЖОО ректор міндетін атқарушы Эльнара Исмагулова мен ЖОО оқытушылары, қызметкерлері болды.
Естеріңізге сала кетейік, Үндістанда «Дивали» мерекесі «шамдар фестивалі» ретінде аталып өтіледі. Дивали мерекесінің мағынасын түсіну үшін үнді аңыздарын білу керек. Бір аңыз бойынша бұл күні Рама туған қаласына 14 жыл жер аударылғаннан кейін оралды. Қаланың барлық тұрғындары шамдарды қуанышты оқиғаның белгісі ретінде жағатын болған, сол себепті мереке Дивали деп аталады, бұл «жанған шамдардың қатары» дегенді білдіреді.
Мерекелік бағдарламаны М.Оспанов атындағы БҚМУ ректорының міндетін атқарушы Эльнара Исмагулова құттықтау сөзімен ашты.
«Біз сіздердің дәстүрлеріңізді қолдаймыз және құрметтейміз. Бұл жақсылықтың зұлымдықты жеңуді бейнелейтін мереке. Бұл мерекеде байлық пен береке құдайына тағзым етіп, оқылады. Біз сіздің дәстүрлеріңізді құрметтейміз және сіздерді құттықтағымыз келеді. Студенттеріміздің барлығын құттықтаймын, сіздерге амандық, емтихандарды сәтті тапсырып, дипломдарыңызбен өз еліңізге келіп, біздің жоо – да алған медициналық тәжірибелеріңізді қолдануға тілектеспіз», – деді ректор міндетін атқарушы.
Әрмен қарай қонақтарға «Пуджа» діни рәсімі көрсетілді. Үнділік Жаңа жыл бейбітшілік, әл-ауқат пен өркендеуге толы болу үшін Лакшми құдайын үйге шақыру арқылы рәсім орындалады.
«Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенті Аюш Дугад ол өзінің елінде Мумбайда шамдар фестивалін қалай атап өтетінін айтты. Ол Үндістанда Дивали мерекесі ең жарқын мерекелердің бірі екенін атап өтті. «Бұл мерекені біз «Рамаяна» Үнді мифологиясына сәйкес 14 жыл жер аударылғаннан кейін Рама құдайы мен Сита құдайының құрметіне атап өтеміз. Әдетте Үндістанда Дивалиді 5 күн атап өтеді. Мерекеге «Лакшмипуджан», яғни тәттілерді дайындау, шамдарды жағу және отшашулар кіреді. Осы жылы пандемиямен байланысты жағдайды ескере отырып, біз «Дивалиді» басқа форматта атап өттік. БҚМУ-дің барлық шетелдік студенттерінің атынан мерекеміздің бір бөлігі болып, оны бізбен бөліскені үшін ұстаздар мен университет қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді, – деп бөлісті Аюш.
Бағдарламаның ресми бөлімінен кейін студенттер барлық эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, дискотека ұйымдастырды. Енді Үндістан студенттері Қазақстанның жаңа жылын асыға күтуде.