Марат Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ «ЖОО үздік оқытушысы-2021»

01-15 қараша аралығында «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы арасында «ЖОО – ның үздік оқытушысы-2021» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты университеттің профессор-оқытушылар құрамының кәсіби-педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, кәсіби салада өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына уәждемесін арттыру арқылы профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетінің белсенділігін ынталандыру болып табылады.
«ЖОО – ның үздік оқытушысы-2021» ЖОО ішіндегі конкурстың жеңімпазы:
Ермуханова Людмила Сергеевна – Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының жетекшісі.