«ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АУЫСУ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПАТОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРДЕГІ ҚАРТАЮ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
2021 жылдың 19 қарашасында медицина ғылымдарының докторы, профессор Қожантай Уразұлы Қасеновті еске алуға және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АУЫСУ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПАТОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРДЕГІ ҚАРТАЮ МӘСЕЛЕЛЕРІ” атты халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтеді. Конференция бағдарламасы үш бөлімнен тұрады «Қартаю туралы заманауи түсінік. Қартаюдың әлеуметтік-экономикалық мәні», «Қартаюдың молекулалық және биохимиялық аспектілері», «Қартаюдың алдын алудың патофизиологиясы және әдістемелік тәсілдері». Конференцияға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Польша университеттері қатысады.