БІЗДІҢ АЛҒЫСЫМЫЗ – ҮЛКЕН ҒАЛЫМ, ТӘЛІМГЕР ЖӘНЕ ҰМЫТЫЛМАС ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК
2021 жылдың 19 қараша күні КеАҚ «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде» м.ғ.д., профессор Қасенов Қожантай Оразұлын еске алу және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Демографиялық ауысу және қартаюдың биохимиялық және патофизиологиялық аспектілеріндегі мәселелері» атты халықаралық қатысыммен ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті. Университеттің патологиялық физиология және химиялық пәндер кафедрасы бірігіп ұйымдастырған Халықаралық кафедрааралық конференциясына Қазақстан, Польша, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан ғылыми ұйымдарының 20-дан астам медициналық жоғары оқу орындары қатысты.
Конференция мақсаты – конференция барысында Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шетел ғалымдарының өзара әрекеттестігі мен өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту. Конференцияның міндеті қартаю мәселелері бойынша заманауи зерттеулердің ең өзекті бағыттарын демографиялық ауысудың жаһандық тенденциясы аясында және «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын жүзеге асыру және қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруы аясында талқылау болып табылды.
Конференция тақырыбының өзектілігін өзінің конференция ашылуымен сәлемдесу сөзінде ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар Департаментінің медицина ғылымы және инновациялық технологиялар бөлімінің жетекшісі, м.ғ.к Аукенов Н.Е., ҚеАК «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» Басқарма төрайымы – Ректор м.а., м.ғ.д. Исмагулова Э.К. атап өтті. Еліміздің әр түкпірінен келген профессор Қ.О.Қасеновтың әріптестері мен шәкірттері оның ғылыми-танымдық қана емес, студенттер мен жас ұстаздардың рухани дамуына қосқан зор үлесін атап өтті, оның Қазақстан тарихы, психология, парапсихология салаларындағы зерттеулері мен еңбектері туралы айтып берді.
Конференцияда қартаю патогенезінің ең өзекті сұрақтары, оның молекулалық және биохимиялық үдерістері, белсенді профилактикаға дербестендірілген тәсілдері талқыланды.
Пленарлық отырыста К.Марцинковский атындағы Познань медицина ғылымдары университетінің қартаю және өркениет ауруларының патофизиологиясы кафедрасының меңгерушісі профессор, PhD Krzysztof Książek сөз сөйледі. Барлығы үш секцияда онлайн форматта Қазақстан мен жақын және алыс шетелдерден ғалымдардың 36 баяндамасы тыңдалды.
Конференция аясында университетіміздің ғылыми-медициналық кітапханасы ұйымдастыруымен «Виртуалды көрме» көрсетілді, университеттік, республикалық және халықаралық деңгейде шеберлік сабақтар өткізілді. 30-дан астам мақалалар жинақталып «Medical Journal of West Kazakhstan» журналының №3 сериясына қабылданды.
Конференцияның бағдарламасына сәйкес резолюция оқылып, қабылданды. Қорытынды резолюцияда конференцияға қатысушылар бірауыздан осы айтулы ғылыми шараны жыл сайын өткізу, қатысушылардың географиясын және ғылыми тақырыптарды кеңейту туралы бастама көтерді.