Марат Оспанов атындағы БҚМУ «ЖОО үздік оқытушысы-2021» байқауының ЖОО ішіндегі кезеңінің қорытындысы

01-15 қараша аралығында «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы арасында «ЖОО – ның үздік оқытушысы-2021» байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты университеттің профессор-оқытушылар құрамының кәсіби-педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, кәсіби салада өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына уәждемесін арттыру арқылы профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетінің белсенділігін ынталандыру болып табылады.

«ЖОО – ның үздік оқытушысы-2021» ЖОО ішіндегі конкурстың жеңімпаздары:

Ермуханова Людмила Сергеевна – Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының жетекшісі

Аманжолқызы Айнур – қалыпты физиология кафедрасының доценті

Книсарина Малика Максатовна – и.о. доцента кафедры психологии