Үздіктердің үздігі

19 қарашада Семей медицина университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Ғылым және денсаулық” атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. “Медицинадағы гуманитарлық ғылымдарды дамыту” секциясында біздің университет студенттерінің “ТҰЛҒААРАЛЫҚ РЕАКТИВТІЛІК САУАЛНАМАСЫ АРҚЫЛЫ КЕАҚ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ” СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЭМПАТИЯСЫН ЗЕРТТЕУ: КӨЛДЕНЕҢ ЗЕРТТЕУ” тақырыбында жазылған баяндамасы бірінші орынды иеленді. Олар: Аманжол Дана, «Жалпы медицина» 3 курс, Ергазы Гулимхан, «Жалпы медицина» интерн, Жолдыбаева Индира «Жалпы медицина» 4 курс, Умирзак Асылжан «Стоматология» 4 курс. Студенттердің ғылыми жетекшісі – м.ғ.к. Миралеева А.И.

 Бұл баяндама Марат Оспанов атындағы БҚМУ ЖОО ішіндегі гранттарды қаржыландыру бағдарламасы аясында ” IRI сауалнамасы (тұлғааралық реактивті индекс, Дэвис тесті) көмегімен студенттер мен мейірбикелердің коммуникативтік құзыреттілігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде эмпатияны зерттеу” тақырыбы бойынша орындалды. Екінші орынды Ресейдің Кемерова қаласының студенттері алды. Үшінші орын Түркиядан келген жас ғалымдарға берілді. ғалымдар мен ғылыми жетекшіні жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!