ШЕТЕЛДІК ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІН АЛА ОТЫРЫП

Жаңа буын дәрігерлерін, халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлау бойынша көпжоспарлы жұмыс шеңберінде жақын және алыс шетелдердің профессорларымен- визитинг ынтымақтастық бағдарламасы іске асырылуда.

Тверь мемлекеттік медицина университетінің әріптестері интернатура стоматологиясы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасында дәрістер курсын өткізді. Стоматология кафедрасының доценттері м.ғ.к., жақ-бет хирургі Давыдова О.Б., сонымен қатар м.ғ.к., Стоматолог-ортопед дәрігер Костин И.О. 6 курс интерндері мен “Ересектер, балалар жақ-бет хирургиясы” мамандығының резиденттеріне “Дентальды имплантация”, “Стоматологиядағы рентген диагностикасының заманауи әдістері”, “Бет аурулары” тақырыбы бойынша дәрістер циклін оқыды.

ZOOM платформасы негізінде өткен дәрістерде дентальды имплантация дайындаудың негізгі аспектілері, дентальды имплантация кезінде ауырсынуды басудың, сондай-ақ имплантацияның хирургиялық және ортопедиялық кезеңдерінің ерекшеліктері ашылды.

Сонымен қатар, дәріс курсына жақ-бет аймағының неврологиялық және онкологиялық аурулары туралы тақырыптар енгізілді.