Тілдер кафедрасында мәнерлеп оқу сайысы

Желтоқсан айының 6.12.2021-10.12.2021ж. аралығында университеттің тілдер кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Ел тұғыры – тәуелсіздік” тақырыбында барлық мамандықтардың бірінші және екінші курс студенттері арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – студенттердің рухани мәдениетін арттыру, патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ сөйлеуді дамыту және көркем сөз оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру, поэтикалық сөздің сұлулығы мен мәнерлілігін сезіну қабілетін дамыту. Байқаудың ұйымдастырушылары тілдер кафедрасының оқытушылары мен “Тіл – білімнің кілті” СҒҮ мүшелері.

Байқау шарты бойынша студенттер өздерінің оқитын шығармаларына сай бейне жазба дайындап, мерейтойлық датаға арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ авторлық шығармаларын оқыды. Байқаудың барлық қатысушылары тақырыпты ашудағы өзіндік тәсілдемені, бейнелік жүйеге ену тереңдігін және мәтіннің мағыналық құрылымын, орындау әртістігін көрсетті. Байқау жұмыстары 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) қабылданды. Бейне жазбадағы әртүрлі арнайы эффектілер, байқау тақырыбына байланысты және шығарманың мағынасына сәйкес келетін жазулар, суреттер қосу байқау жұмыстарына ерекшелік берді.

Байқауға барлығы 36 студент қатысты. Қазылар алқасының құрамы ең үздік қатысушыларды бағалады және таңдады. Қазылар алқасының төрайымы – тілдер кафедрасының меңгерушісі Мустояпова Алтынгүл Сәрсенқызы болса, ал құрамында аға оқытушылар Уринбаева Баян Бегалиевна, Қанлыбаева Айман Утебаевна, оқытушы Кожабекова Жұлдыз Қазиханқызы және Жастар ісі бөлімінің басшысы Смагұлова Ақмарал Кұдайбергенқызы, ҒЖҰ өкілі Абдукаримов Абдусамат Абдуалиұлы болды. Сайысқа қатысушыларды таңдау оңай болмады, өйткені әр қатысушы өзінің шығармашылық шеберлігімен ерекшеленді.

Жеңімпаздар бірнеше номинациялар бойынша анықталып, келесі студенттер үздік деп танылды. 1 орын – Алдабергенова Шұғыла (217Б, ЖМ), 2 орын – Сержанова Ақтілек (101, Фармация), Мохаммад Мусаб Хан (226Б, ЖМ), 3 орын – Дәулетбай Асылзат (117А, ЖМ), Жұмаханова Балдана (103А, ЖМ), Қуанова Арайлым (107А); “Үздік авторлық өлең” номинациясы бойынша Сайлауова Айым (202А, ЖМ); “орындаушылық шеберлік” номинациясы бойынша – Қалмұратова Нұргүл (104, стоматология), “үздік бейне жазба” номинациясы бойынша – Сарқытбаева Перизат (107А, ЖМ) марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.