ҚР БҒМ келісімшарт / 18.10.2022 жылғы № 178/30-22-24
Ғылымды дамытудың басым бағытының атауы
5-Өмір және денсаулық туралы ғылым
Зерттеу саласы мен бағытын сипаттайтын кілттік сөздер
SARS-CoV-2, QazVac, SputnikV, гуморальды иммундық жауап, жасушалық иммунитет, COVID 19-дан кейінгі жағдай.
Ғылыми жобаны іске асыру жылдары
01.07.2022-31.12.2024, 30 ай
Жобаның мақсаты
QazVac отандық вакцинасымен вакцинациялаудың пайда болу қауіп факторларын анықтау мақсатында Батыс Қазақстан халқы арасында COVID 19-дан кейінгі жағдайы бар пациенттердегі жасушалық және гуморальдық иммунитет көрсеткіштеріне әсерін зерттеу.
Жобаның міндеттері
1.Вакцинация мәртебесіне, хабардар болу деңгейіне және вакцинацияға бейімділікке байланысты COVID 19-дан кейінгі жағдайдың таралуы мен эпидемиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу.
2.Вакцинация мәртебесіне байланысты ковидтен кейінгі синдромы бар науқастарда және QazVac отандық вакцинасын алған бақылау тобындағы адамдарда гуморальдық және жасушалық иммунитеттің ерекшеліктерін зерттеу.
3.Отандық QazVac вакцинасын, Спутник V вакцинасын алғаннан кейін және вакцина алмаған пациенттерде COVID 19-дан кейінгі жағдай көріністерінің клиникалық-зертханалық көрсеткіштерін зерттеу.
4.Вакцинаның мәртебесіне байланысты COVID 19-дан кейінгі жағдайлардың даму қауіп факторларын анықтап және қауіп картасын жасау.
Өзектілігі
Жедел COVID 19 инфекциясынан кейін пациенттердің бір бөлігінде денсаулығына байланысты мәселелер қалды. Бүгінгі күні COVID 19-дан кейінгі жағдайы бар науқастарда арнайы Т-жасушалық реакциялар мен антиденелер туралы аз мәлімет бар, COVID 19-дан кейінгі жағдайға ықпал ететін қауіп факторлары анықталмаған. Осыған байланысты ғылыми жоба шеңберінде COVID 19-дан кейінгі жағдайлардың таралуы зерттеледі, Ақтөбе қаласы халқының COVID 19-ға қарсы вакцинациялауға бейімділігі және QazVac отандық вакцинасына деген сенім деңгейі айқындалады.
Зерттеуде пациенттердің 3 санатындағы табиғи және вакцинациядан кейінгі иммунитеттің гуморальды және жасушалық компоненттерін анықтау: отандық QazVac вакцинасымен, SputnikV вакцинасын алғандар және вакцина алмағандар ковидтен кейінгі синдромы бар науқастар.
Qazvac отандық вакцинасын алғаннан кейін адамдарда иммуноглобулиндер мен лимфоциттер популяцияларына бақылау зерттеуі жүргізіледі.
Клиникалық-зертханалық және иммунологиялық көрсеткіштерге (иммуноглобулиндер мен лимфоциттер популяцияларына), сондай-ақ QazVac вакцинасын алған сау адамдарға салыстырмалы талдау жүргізіледі.
Күтілетін нәтижелер
Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері халықтың COVID 19-ға қарсы вакцинациялауға бейімділік деңгейін, сондай-ақ отандық вакцинаға деген сенімін анықтау. Вакцинация қажеттілігін түсіну үшін халықтың сенімін тудыратын ақпараттың негізгі көздері анықталатын болады. Веб-сауалнама әзірленіп, авторлық куәлік алынады. Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері жалпы практика дәрігерлеріне вакцинация бойынша халықпен жұмыс істеу үшін ұсыныстарды негіздеуге мүмкіндік береді.
Онлайн сауалнаманы қоғамдық денсаулық сақтау мамандары әртүрлі топ тұрғындар арасында вакцинацияға бейімділігі мен ақпараттылығын анықтау үшін қолданады.
Ковидтен кейінгі жағдайы бар науқастарда туындаған клиникалық-иммунологиялық өзгерістерді (жай-күйін, ауытқуларын) зерттеу нәтижесі келесідей: вакцина алмағандар, QazVac вакцинасы мен Sputnik V вакцинасын алғандар. Вакциналық мәртебеге байланысты тәуекел картасы әзірленеді және авторлық куәлік алынады.
3 магистрант дайындалады.
– Шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау жоспарлануда: – жобаның ғылыми бағыты бойынша Web of Science және Scopus базасында индекстелетін, Scopus базасында citescore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар ғылыми басылымдарда 2 мақала жарияланады;
– ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымда 3 мақала немесе шолу жарияланады;
Халықаралық конференцияларға/ Конгресстерге 3-тезистерді жариялаумен қатысу жоспарлануда. Практикалық денсаулық сақтауға енгізу актілері ресімделеді-2.
Зерттеудің соңғы өнімі монография жазуды жоспарлап отыр, онда зерттелетін тақырып бойынша нәтижелер, атап айтқанда Ақтөбе қаласының тұрғындарындағы ковидтен кейінгі жағдайлардың эпидемиологиялық, клиникалық және иммунологиялық ерекшеліктері ұсынылады.
2022 жылы қол жеткізілген нәтижелер
2 тілде веб-сауалнама әзірленіп, авторлық куәлік алынды. Зерттеуге қатысушының ЗЖК және ақпараттандырылған келісім қағаз құжаты әзірленді және келісім қағаздары көбейтілді, зерттеушінің журналдары мен брошюралары (нұсқаулықтар) әзірленді. Зерттеу тобының мүшелеріне зерттеуді жүргізу, құжаттаманы толтыру және деректер базасымен жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізілді. Ақтөбе қаласының тұрғындары арасында сауалнамалар таратылып, 817 сауалнама жиналды. Ақтөбе қаласының 3 емханасында ковидтен кейінгі синдромы бар пациенттердің деректер базасын зерттеу үшін пациенттер мен бақылау тобының адамдарын іріктеу үшін зерделеу жүргізіледі.
Жетекші
Уразаева Салтанат Тураковна – медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, эпидемиология кафедрасының жетекшісі.
100-ге жуық ғылыми жарияланымдары бар, оның 4-і Web of Science және Scopus базаларында индекстелген ғылыми басылымдарда жарияланған; 8 оқу құралының авторы. Ғылыми қызығушылық саласы: жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиясы, вакцинология. “Ақтөбе облысының жасөспірімдері мен ересектері арасындағы антропоноздық жұқпалы аурулар ағымының эпидемиологиялық заңдылықтарын зерделеу” ЖОО қаржыландыратын ҒТЖ жетекшісі (2016-2017 ж. Ж.) және “ҚР дербестендірілген және превентивті медицинасын енгізудің ұлттық бағдарламасы” 2021-2023ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қаржыландыруымен ғылыми – техникалық бағдарламаның қатысушысы (ЖТН OR12165486 ) болды.
С.Т.Уразаева – Scopus Researcher ID-57208062042
С.Т.Уразаева – Web of Science Researcher ID – ABF-6482-2021
УҒҰ
Уразаева Салтанат Тураковна, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, КеАҚ “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” эпидемиология кафедрасының жетекшісі, ғылыми жоба жетекшісі;
https://orcid.org/0000-0002-4773-0807;
Курмангалиева Сауле Сейтжановна, медицина ғылымдарының кандидаты, КеАҚ “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” микробиология, вирусология, иммунология кафедрасының жетекшісі, жобаның аға ғылыми қызметкері;
https://orcid.org/0000-0002-9502-1490;
Тусупкалиева Кымбат Шариповна, медицина ғылымдарының кандидаты, КеАҚ “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” эпидемиология кафедрасының доценті, жобаның аға ғылыми қызметкері;
https://orcid.org/0000-0002-6980-378X;
Сейтмаганбетова Назгуль Асылбековна, медицина ғылымдарының кандидаты, КеАҚ “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” ішкі аурулар пропедевтика кафедрасының доценті, жобаның аға ғылыми қызметкері;
https://orcid.org//0000-0002-7718-4464;
Бегалин Толеухан, медицина ғылымдарының кандидаты, КеАҚ “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы, жобаның ғылыми қызметкері;
https://orcid.org//0000-0003-2338-6236;
Уразаева Айша Бауыржановна, доктор PhD, КеАҚ “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” эпидемиология кафедрасының доцент м.а., жобаның аға ғылыми қызметкері;
https://orcid.org/0000-0001-5978-2957;
Ташимова Жулдыз Кайргалиевна, магистр, КеАҚ “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы, жобаның ғылыми қызметкері;
https://orcid.org//0000-0001-7708-2049;
Бактикулова Кристина Владимировна, КеАҚ “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” Медициналық Орталығының дәрігер – лаборанты, жобаның кіші ғылыми қызметкері;
https://orcid.org//0000-0003-1806-1058;
Бегалина Дана Толеухановна, КеАҚ “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” ЖТД №2 кафедрасының ассистенті, жобаның кіші ғылыми қызметкері;
https://orcid.org//0000-0003-0162-5005
Жумагалиева Салтанат Койлановна, техника ғылымдарының магистрі, КеАҚ “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” ғылыми- зерттеу қызметі менеджменті бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, жобаның кіші ғылыми қызметкері;