Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты Жолдауын жариялады. ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына депутаттық корпуспен қатар, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған Үкімет мүшелері, ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин, Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары, облыс әкімдері қатысты. «Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек», – деді Президент.

Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынған Жолдауды М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің ұжымы да үлкен ынтамен тыңдады.

@jasaqtobe

@aktobe_saiasat