Химия пәнінен пәндік олимпиада

«Жалпы медицина» факультеті 1 курсының инертті және индифферрентті, эмоциялық және қопарылысқа қауіпті, белсенді және радиоактивті, реакцияға қабілетті студенттерін “Марат Оспанов” атындағы БҚМУ-дің 65 жылдығына және химиялық пәндер кафедрасының 65 жылдығына арналған химиядан пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз.

Сіздерден таза қол мен таза халат, алмаздай өткір көз, алтын жүрек, химиялық сезгіштік, белсенді қатысу, жылдам реакция, темірдей жүйке, радикалды ойлау, интеллектуалды қайнау талап етіледі!

Сіздерді ми шабуылы, эмоция қопарылысы, қуаныш фейерверкі, бақыт эндорфиндерінің қарқынды бөлінуі. күтіп тұр!

 Олимпиада бағдарламасында: викториналар, ойындар, қызықты тәжірибелер, ағымдар арасында командалық және жеке біріншілікте сайыс өткізіледі.

Жеңімпаздарды сыйлықтар күтеді! Жеңімпаз атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Өткізілетін күні және жері: 14 сәуір сағат 1700-де, 1 оқу ғимараты № 4 дәріс залы