«Университет қызметкерлерінің ғылыми еңбектері» – атты университет қызметкерлері ғылыми еңбектерінің әдебиеттер көрмесі

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің 65 жылдығына орай, сонымен қатар 12 сәуір ғылым күніне байланысты ұйымдастырылған «Университет қызметкерлерінің ғылыми еңбектері» – атты университет қызметкерлері ғылыми еңбектерінің әдебиеттер көрмесі болып өтті. Көрмеге жоғарғы курс студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты. Көрменің негізгі мақсаты: жастар арасындағы ғылыми саланың бағытын дамыту және жастардың ғылымға деген құштарлығын ояту.
Көрмеге университет кітапханасының қорынан оқу процессіне қажетті 70-тен астам монографиялар, оқу-әдістемелік құралдары мен электрондық кітаптар оқытылатын пәндер бойынша ұсынылды.