Кәсіби бағдар жұмыстары
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Алиев О.М ағымдағы жылдың 04.04-08.04 аралығында кафедраның тәрбие жұмыстары және қабылдау комиссияның кәсіби бағдар жоспарына сәйкес Қызылорда қаласында 2022/2023 оқу жылына студенттерді қалыптастыру үшін іс- сапарда мектеп және колледж түлектерімен кездесу өткізілді.
Бұл кездесу университетіміздің 65 жылдық мерей тойы қарсаңында жүргізілді. Шараның мақсаты алдымыздағы оқу жылына бірінші курсқа студенттерді қалыптастыру болып табылады.
Сондай-ақ бітіруші тұлектерге университетімізді таныстырып, болашақта мамандық таңдауға көмек көрсету, жоғарғы оқу орнына түсуге үгіт насихат жұмыстарын жүргізу.
Шара барысында оқу орнындағы мамандықтар бойынша толық мағлұматтар берілді, биылғы жылғы ҰБТ кезіндегі өзгерістер туралы айтылды, буклеттер таратылды.