Сенбілік
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда сенбіліктің маңызы зор.
Көктем келіп, күн жылысымен университет қызметкерлері кезек-кезек сенбіліктерге шығып, айналаны тазартып, талдардың түбін ақтап, гүл егіп, қажет болса жаңа көшеттер отырғызуды дәстүрге айналдырған.
Бұл жолы, яғни, 15 сәуірде университтіміздің 1-ғимаратының коменданты Жаманова Талшын Мурзабергеновна мен дәлелдеу медицинасы және ғылыми менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен 3-курс студенттері сенбілікке шықты. Студенттер ғимарат артындағы, жанындағы жерді, Халида Маманова атындағы аллеяны қоқыстардан тазартып, сыпырып шықты. Айналамыздың көркеюі мен дамуы үшін маңызды болып табылатын аталмыш шара арқылы тазалық жұмыстарымен қоса, студент жастарды еңбекке баулу, патриоттық тәрбие беру жұмыстары қатар жүрді.