Семейдегі студенттер конференциясы туралы
2022 жылғы 12-13 сәуірде Семей қаласында «Семей медицина университеті» КЕАҚ-да Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған “Ғылым және денсаулық” халықаралық студенттердің 64-ші ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Психология кафедрасынан төрт жас зерттеуші “Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті” КЕАҚ студенттік делегациясының құрамында өзекті психологиялық-педагогикалық проблемалар бойынша өз баяндамаларымен қатысты.
Студенттер өз баяндамаларында ғылыми нәтижелерін сәтті ұсынып, құрмет дипломдарымен марапатталды:
І дәрежелі дипломды студенттер Бауыржанқызы Динара мен Жұмабаева Диана алды. (2 курс,”Жалпы медицина” мамандығы). Ғылыми жетекші – PhD докторы, психология кафедрасының доценті Книсарина М. М.
II дәрежелі дипломды студент Иниятова Қымбат иеленді. (1 курс, “Жалпы медицина” мамандығы). Ғылыми жетекші – педагогика ғылымдарының магистрі, психология кафедрасының аға оқытушысы Дүйсенова А. А.
Конференциядан орын алып келген жүлдегерлер мен ғылыми жетекшілерімізді құттықтаймыз! Оларға барлық бастамаларында шығармашылық және ғылыми табыстар тілейміз!