«Visiting professors»
Марат Оспанов атындағы БҚМУ 2021 – 2022 оқу жылының негізгі көрсеткіштер картасының жоспарына сәйкес гистология кафедрасында «Visiting professors» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып келеді. Осы жылы Орынбор мемлекеттік медицина университетінің гистология, цитология және эмбриология кафедарсының профессоры, б.ғ.д. Н.Н.Шевлюк шақырылған болатын.
2022 жылдың 11 сәуірінен 22 сәуіріне дейін «Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенттеріне «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн дәрістер оқыды және онлайн практикалық сабақтар жүргізді, гистология кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамына және студенттерге онлайн мастер – класстар жүргізді.
Профессор Н.Н.Шевлюк студенттерге «Ет ткані», «Нерв ткані» тақырыбында онлайн дәрістер оқыды, «Цитология, эмбриология және гистологияның жетістіктері және медицинаның дамуы» тақырыбында онлайн мастер – класс өткізді, кафедраның ПОҚ үшін «Гистология, цитология және эмбриологияны оқытудағы сандық ақпараттық технологиялар: жағдайы және болашағы» тақырыбында онлайн мастер -класс өткізді. Оқытушылар мен студенттер дәрістер мен мастер – классты қызығушылықпен тыңдады.
«Visiting professors» бағдарламасы шеңберінде өткізілген іс –шара оқытушылардың кәсіби, педагогикалық білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде б.ғ.д. профессор Н.Н.Шевлюктің «Visiting professors» оқытушылар мен студенттер үшін танымдық және қызықты өтті. Гистология кафедрасының жетекшісі Көмекбай Жанат Есқарақызы және профессорлық – оқытушылық құрамы профессорға бірлестік үшін үлкен алғыстарын білдірді. «Visiting professors» бағдарламасы шеңберінде профессор Н.Н.Шевлюкті шақыруды ұйымдастырушы, гистология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Егембердиева Роза Есенбаевнаға да алғыстарын білдірді.