ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНАТОМИЯЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМ- 2022
Новосибир мемлекеттік медицина университетінің (РФ) ұйымдастыруымен 2022 жылы 15 сәуір күні ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНАТОМИЯЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМ өтті. Форумды қоса ұйымдастырушылар қатарында Марат Оспанов атындағы БҚМУ қалыпты және топографиялық анатомия кафедрасы да бар.
Университет атынан «Pulmo» командасы қатысты, команда құрамында «Жалпы медицина» факультетінің студенттері: Орышич Надежда (капитан) 220Б тобы, Тыныштыкова Жулдыз 322А тобы, Назарова Алина 219А тобы, Сапарнияз Алихан 220А тобы және Батыргалиев Батырхан 220Б тобының студенттері қатысты.
Форум екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде команда мүшесі Тыныштыкова Жулдыз «Анатомияны оқытуда пандемияның әсері» тақырыбында баяндама жасап, 12 баяндама арасында ең үздік, берілген тапсырмаға сай дайындалған жұмыс деп бағаланды.
Екінші кезеңде «адам анатомиясы» пәні бойынша 10 турдан тұратын 50 сұрақты қамтитын олимпиада өткізілді. Қамтылған сұрақтар анатомиялық құрылымдардың ерекшеліктері, анатомиядағы эпонимдер мен эмбриогенез мәселелеріне арналған.
Біздің «Pulmo» командасы жалпы қорытынды бойынша 12 команда арасында (С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, И.М.Сеченов аындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті, Самара мемлекеттік медиина университеті, Омбы мемлекеттік медиина университеті, Беларус мемлекеттік медицина университеті, Новосібір мемлекеттік медицина универсиеті, Б.Н.Ельин аындағы Қырғыз-Ресей Славян университеті, И.П.Павов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медиина университеті, Андижан мемлекеттік медицина университеті, РЕАВИЗ университеті, Астрахан мемлекеттік медицина университеті) ЖҮЛДЕЛІ 3-ШІ ОРЫНДЫ иеленді. Команда мүшелерін құттықтаймыз!