Достықпен келісім мерекесі
28 сәуірде тілдер кафедрасының оқытушылары ҚанлыбаеваА.У., ДаулетоваД.Д. және ЖилисбаеваҚ.Р. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің құрылғанына 65 жыл толуына орай Қазақстанх алықтарының бірлігі күніне арналған танымдық іс-шара өткізді. Іс-шараға Жалпы медицина факультетінің 1-2 курс студенттері, сонымен қатар Халықаралық медицина факультетінің 1 курс студенттері қатысты.
Қатысушылар көп ұлтты елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықтардың әндері мен билерін, Қазақстан туралы өлеңдерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындады. Халықаралық медицина факультетінің 127 және 130 топ студенттері дайындағанҮндістанмен Пәкістанда тұратын ұлттар туралы түрлі-түсті, мазмұнды презентациялар, сондай-ақ Марат Оспановтың тарихы туралы презентация шара қонақтарының көңілдерінен шығып, жарқын қызығушылығын тудырды. Түрлі ұлттардың түрлі-түсті киімдері, ұлттық билері мен әндері достық келісім мен өзара түсіністік мерекесінің қайталанбас атмосферасын тудырды.
Іс-шараның қонақтары – тілдер кафедрасының меңгерушісі Мустояпова А.С., кураторлар кеңесінің төрайымы Ж.А.Нұрбаева, тілдер кафедрасының оқытушылары, шетелдік студенттер топтарының кураторлары барлық жиналған көрермендерді мерекелерімен құттықтай отырып,университет аясында оқитын түрлі ұлт өкілдері, сондай-ақ шетелдік студенттер үшін осындай мерекелік іс-шараның тәрбиелік мәніз орекенін атап өтті.