Халықтық ұжым «ЖасStar” би ансамблі қонаққа шақырылды

28 сәуір күні Қазақстан Ақтөбе телеарнасының “Қайырлы таң, Ақтөбе” тікелей эфиріне Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университетінің Халықтық ұжым «ЖасStar” би ансамблі қонаққа шақырылды.

Тікелей эфирде ансамбль жетекшісі Гаухар Маралқызы және ансамбль мүшелері Тілектес Гүлден мен Рамазанова Анель сұхбат берді.

Сұхбат барысында ұжымның шағын тарихы, студенттердің хореография саласына қызығушылығы мен жетістіктері туралы әдемі де әсерлі әңгіме қозғалды. Сонымен қатар, 22 сәуір күні өткізілген “Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастырылуымен қалалық ЖОО мен АОО студент жастар арасында “ZHAS STAR” қалалық студенттік фестивалінен “Кел,биле” жанры бойынша белсене қатысып, жүлделі І орынды иеленгендері жайлы және толық байқаудың қалай өткізілгені туралы ақпараттар айтылды.

Сұхбат барысында “Сіздің хоббиіңіз қандай?” деген сауал қойылған болатын. Осы сауалға Гаухар Маралқызы “Бір сөзбен айтқанда біз бимен айналысамыз” деп нақты жауап берді. Ал Гүлден мен Анель өздерінің би өнеріне деген жеке пікірлерін білдірді. Сол ретте Гүлден дайындық барысында жетекшілерінің өздеріне “Сіздер сахнаға шыққанда құр билемеңіздер, сахнаны сезініңіздер . Көздеріңізден от лапылдап тұрсын” деп үнемі жігерлендіріп отыратынын жеткізді. Сұхбат соңы “ЖасStar” би ансамблінің “Назлы гүлдер” атты әдемі би қойылымымен аяқталды

видео ссылка https://youtu.be/x75NbrG31Bc