Құрметті әріптестер!
2022 жылдың 18-20 мамырында «Отбасылық медицина резидентурасы: жетістіктері, мәселелері және перспективалары» тақырыбында «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің» 65 жылдығына арналған «II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция» өткізіледі.
Конференция аралас режимде (онлайн-оффлайн), үш негізгі бағытта өткізіледі: отбасылық медицина оқытушылары және резиденттер үшін, денсаулық сақтау саласының өкілдері, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер үшін. Негізгі талқыланатын такырыптар жас отбасылық дәрігерлердің қалыптасуына және потенциалын дамытуға, оларды мансаптық өсуге мотивациялауға, отбасылық медицинаның актуальды сұрақтарын талқылауға, біріншілік медициналық-социалды көмек жағдайында психологиялық-әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталады. Отбасылық дәрігерлер мен оқытушыларға баяндамалар, дәрістер, шеберлік сабақтарын өткізу үшін еліміздің, жақын және алыс шетелдердің жетекші сарапшылары шақырылды.
«Отбасылық медицина резидентурасы: жетістіктері, мәселелері және перспективалары»